Атырауда оқушылар үшін тегін IT-сынып ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау қаласындағы Оқушылар орталығында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен IT-сынып  ашылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

Облыстық «Нұр Отан» партиясының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарын іске қосу үшін негізгі оқыту бағдарламасы ретінде британдық «Love to code» бағдарламалауының халықаралық білім франшизасы пайдаланылуда. Әр сыныпта дәріс беретін мұғалімдер болады. Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ашылған «ІТ-мамандарын даярлау орталығында»  арнайы дайындықтан  өткен. 

Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылының тұрғыны Исабек Бисенбай Атыраудағы Оқушылар орталығына көптен бері келіп жүр. Ол әсіресе мультфильмдер құрастырғысы келетінін айтады.

«Орталықта ІТ-сынып ашылатынын естігінде қатты қуандым. Өйткені  компьютерлік бағдарламаларды меңгеруді алдыма мақсат етіп қойғанмын», - дейді ол. 

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен балалар үшін IT-сыныптың ашылуы елдің бас партиясының ерекше қамқорлығы деп білемін. Және бұл заман талабына сай ашылған арнайы сыныпта 8 жастан 16 жасқа дейін балалар оқытылады. Қазір арнайы кесте жасақтадық. 6 топта 12 баладан оқытылады», - дейді Оқушылар орталығының директоры Айзада Түсіпқалиева.    

Айта кету керек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба аясында Атырау облысында биыл 10  ІТ-сынып ашылды.

Соңғы жаңалықтар