+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Атырауда оқушылар мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

2019 жылғы 7 желтоқсан 13:31
Бөлісіңіз:
Атырауда оқушылар мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі көз жұмды Павлодар облысында көлік жолға шығып кеткен жылқыға соғылды Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатынан бір адам көз жұмып, тоғыз жолаушы жарақат алған.

Оқиға жұма күні «Атырау - Орал» тасжолында, Индер ауданында болған. Opel Vectra және Lada көліктері соқтығысып қалған. Opel Vectra көлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Тағы тоғыз адам зардап шекті. Оның ішінде бес оқушы бар. Барлығы жедел жәрдеммен Индербор ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, алғашқы көмек көрсетілген соң барлығы үйіне жіберілген.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT