Атырауда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар
2020 жылғы 14 шілде 18:21

Атырауда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өкпені жасанды желдететін 115 аппарат бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде көрсетілген 12өкпені жасанды желдету аппараты Атыраудағы инфекциялық стационардың жансақтау бөлімінде орнатылған.

«Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы инфекциялық стационарда 12 реанимациялық кереует бар. Соған сәйкес, 12 реанимациялық кереует 12 өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталып отыр. Ал, облыстық ауруханадағы провизорлық орталық 14 өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталды. Сонымен бірге, перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы да осындай аппараттармен қамтамасыз етілді» - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, Атырау облысындағы емдеу орындарында 115 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Алдағы уақытта мұндай аппараттар саны демеушілер есебінен көбейеді деп күтілуде.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT