+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Атырауда облыстық басқарма басшысы 2 млн 917 мың теңге айыппұл төлейді

2021 жылғы 16 сәуір 14:49
Бөлісіңіз:
Атырауда облыстық басқарма басшысы 2 млн 917 мың теңге айыппұл төлейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, 2 млн 917 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Атырауда бір күнде 2 192 адам вакцина салдырды БҚО шекарасында 300-ге жуық тонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот үкімі шықты

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеунікке қатысты іс №2 Атырау қалалық сотында қаралған.

«15 сәуірде сот ҚР Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 1-бөлігі бойынша Серік Қамидоллаға қатысты қылмыстық істі қарады. Тергеу барысында ол айыптаумен толық келісті. Сондықтан сот процесі жеңілдетілген режимде өтті. Сотталушы ҚР Қылмыстық Кодекстің 65-бабын қолдана отырып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Оның алғаш рет ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағанын ескере отырып, сонымен қатар, үш кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде мүгедек баласы бар, жалғыз асыраушысы болып табылатыны және ісіне шын өкінуіне байланысты сот оны ҚР Қылмыстық Кодексінің 65-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады деп санады. Бұл ретте өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1000 АЕК (2 млн 917 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда облыстық басқарма басшысы қамауға алынғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT