Атырауда облыстық аурухананың сусыз қалғаны жоққа шығарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыстық аурухананың сусыз қалғаны жоққа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, өңірдегі ауруханаларда су тапшылығы мәселесі туындамаған.

«Қазір күннің ыстықтығына сәйкес, мекемелер мен тұрғын үйлерде арнайы желдеткіш құралдары қолданылады. Дегенмен, қазіргі уақытта науқастардың көпшілігі пневмонияға шалдыққандықтан, ауруханада мұндай желдеткіштерді қолдану келеңсіздік тудырып, емге әсерін тигізуі мүмкін. Сол себептен, науқастарға ішуге пайдалану үшін ауыз су, басқа да қажетті заттар әкелінетін болса, біз қарсылық білдірмейміз. Бірақ, ауруханаларда 24 сағат су жүріп тұр», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин күшейтілді.


Соңғы жаңалықтар