Атырауда облыстық ауруханада 230 орындық инфекция стационары ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы облыстық ауруханада 230 төсектік инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың мәліметінше, бұған соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюі себеп болған.

«Атырау қаласында қауіпті вирусқа шалдыққандар санының өсуіне байланысты резервтен 330 төсек-орынға есептелген инфекциялық стационар ашылды. Оның ішінде облыстық кардиологиялық орталықта 100, ал, облыстық ауруханада 230 төсек-орын бар. Қазір облыстағы инфекциялық төсек-орын саны 2 428-ге жетті. Бұдан басқа, өңірде 310 төсек-орынға арналған резервтік инфекциялық стационар, оның ішінде 20 реанимациялық төсек әзірленді» -дейді Қайсар Абдалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудағы кардиологиялық орталықта инфекциялық стационар құрылған болатын.


Соңғы жаңалықтар