Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Атырауда облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров ұсталды.

Олар аймақтың инфрақұрылымдық дамуы мен жол құрылысымен айналысатын компаниялардың бірінен 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы әлі ашылған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Таубаев облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына мамыр айында, ал Тимур Басаров Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы қызметіне маусым айының соңында тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар