USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Атырауда Нұрым Оразбаев жергілікті полиция басшысы қызметіне тағайындалды

2016 жылғы 12 қаңтар 00:07
Бөлісіңіз:
Атырауда Нұрым Оразбаев жергілікті полиция басшысы қызметіне тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өңір ІІД жергілікті полиция басшысы қызметіне Нұрым Оразбаев тағайындалды.

50 жастағы Н.Оразбаев бұған дейін облыс ІІД бастығының орынбасары болып қызмет атқарған болатын.

«Нұрым Оразбаев құқық қорғау органдарында 1986 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Еңбек жолын Атырау қаласы ІІБ учаскелік инспекторы болып бастады. Білімі жоғары - ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін бітірген. 2008 жылдан бері - Атырау облысы ІІД бастығының орынбасары. Н.Оразбаевтың жергілікті полиция басшысы қызметіне кандидатурасы облыстық мәслихаттың сессиясында бірауыздан бекітіілді», - деп хабарлады өңір ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы 1 қаңтардан Қазақстанда жергілікті полиция жұмыс істей бастады, бұл құрылым атқарушы органдар мен халық алдында есеп беріп отырады. Жергілікті полиция қызметі мәселелері бойынша тиісті заңнамаға түзетулерге ҚР Президенті 2015 жылғы 2 қарашада қол қойған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT