Атырауда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 135 пәтер пайдалануға берілді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласында тұрып жатқан 135 отбасына жаңа пәтер кілттері табысталды. Бейбарыс даңғылы бойындағы Алмагүл шағынауданында орналасқан үш көппәтерлі үйді «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі салды, деп хабарлайды ҚТҮҚЖБ-нің баспасөз қызметінен.

Тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 9 686 шаршы метрді құрады. Бұл 30,45 және 60 пәтерлік үйлердің жалпы құны 1 080 млн. теңге (соның ішінде 110 млн. ҚР Ұлттық қоры қаражатынан бөлінген).

20 бір бөлмелі, 45 екі бөлмелі және 70 үш бөлмелі пәтер бағдарламаның ҚТҮҚЖБ желісі бойынша «Тұрғындардың барлық санаттары үшін баспана» бағытындағы қатысушылардың арасында үлестірілді. Бір шаршы метрдің бағасы -111 502 теңге.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТҮҚЖБ желісі бойынша «Тұрғындардың барлық санаттары үшін» бағытымен тағы 334 пәтерлік 11 үй мен «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша 90 пәтерді тапсыру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда жалпы аумағы 8,3 мың шаршы метрді құраған, бағасы 733 млн. теңгелік 120 пәтерлік 2 үй пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар