Атырауда нөсер салдарын жою үшін жедел штаб құрылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда сейсенбі кешкісін басталып, әлі толастамаған нөсер салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нөсер салдарын жоюға «Арнайы авто база» ЖШС және «Атырау Су Арнасы» ҚМК иелігіндегі барлық су сору техникалары жұмылдырылған. Көшелерді су басқаны туралы алғашқы ақпараттар келісімен-ақ іске кіріскенбіз. Қазір қалада 37 вакуум машинасы жұмыс істеп тұр, таңнан бері 1300 текше метр су тартылды. Техникаларды ең алдымен облыс орталығының ескі бөлігіне жіберіп жатырмыз. Өйткені ол жақтағы ғимараттар бұрын салынған», - дейді штаб бастығы, Атырау әкімінің орынбасары Шәкір Кейкин.

Оның айтуынша, қазір қосымша техника іздеу шаралары жүріп жатыр. Өйткені синоптиктердің болжамына қарағанда, жауын әлі толастамайды.

Әкімдікте «жедел желі» телефоны жұмыс істеп тұр. Оған қоңырау шалып, көшелерді, балабақша, мектептер, ауруханалар секілді әлеуметтік нысан аумақтарын су басқаны туралы хабарлауға болады.




Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар