Атырауда нөмірсіз Мерседеспен өзен мұзында сырғанаған жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырауда Жайық өзенінің Тұрғындар қалашығы тұсынан бастап орталық көпір маңына дейін мұз үстінде жүріп өткен автокөлік жүргізушісінің кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұз үстінде көлікпен «ойнақтаған» «Мерседес-Бенцтің» 22 жастағы жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлімі, яғни мемлекеттік нөмірсіз автокөлік басқарғаны және 620-бабы 1-бөліміне сәйкес, жол жүрісіне қатысты ережені бұзғаны үшін 2 хаттама толтырылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар