Атырауда Нигерия азаматы безгек ауруына шалдықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда шетелдік азаматтан безгек ауруы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырауда безгекке шалдығу оқиғасы соңғы 18 жылда алғаш тіркеліп отыр. Сырқаттанған адам - Нигерияның 46 жастағы азаматы. Ол мұнай компаниясында жұмыс істейді. Еңбек демалысынан кейін Атырауға оралған ол, денсаулығы нашарлап, жекеменшік клиникаға жүгінген. Алғашқы анализдердің өзі безгек ауруын растады. Нигериялық азамат жекеменшік клиникада интенсивті емдік курсынан өтіп, үйіне қайтуға дайындалуда», - деп мәлім етті Атырау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиев.

Департамент басшысының атап өтуінше, безгек адамнан адамға жұқпайды. Оның тасымалдаушысы - безгектік маса. Аурудың алғашқы белгілерінің бірі - дене қызуының күрт көтерілуі. Бұл жағдайда дереу ауруханаға жүгіну қажет.

Авторы Андрей Соколов

Соңғы жаңалықтар