+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды

2021 жылғы 7 наурыз 16:00
Бөлісіңіз:
Атырауда несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шағын несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтардың құрығына түсіп, 2 млн теңгесінен айырылды Павлодардағы алаяқ атыраулықтың атынан 1 млн теңге несие рәсімдеген Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тонау дерегі 5 наурызда Атырау қаласында тіркелген.

«Күндізгі сағат сағат 10:45 шамасында «102» операторына Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан шағын несие кеңсесінің кассирі телефон соққан. Кассир медициналық

бетперде киген белгісіз азаматтың сағат 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлады. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол

уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонаған күдікті қолға түскен еді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT