Атырауда NCOC қызметкерінен коронавирус табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда NCOC қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті «Ақжайық» газетінің жазуынша, компанияның «Вест Ойл» базасындағы қызметкерлерінің бірі қауіпті індетті жұқтырған.

«NCOC аутсорсинг нысандарының бірінде жұмыс істейтін компания қызметкерінен COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растаймыз. Бұл нысан өндірістік алаңдар мен компания кеңселерінен қашықта орналасқан. Қызметкер хаттамаға сәйкес оқшауланды. Жақын байланыста болған адамдардың барлығы дереу анықталды. Олардың барлығы ПТР сынамасынан өтеді. Бұл қызметкер өндірістік немесе кеңсе қызметкерлерімен байланыста болмаған. Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қалалық әкімдігінің қызметкері коронавирус жұқтырды.


Соңғы жаңалықтар