Атырауда Наурыз мейрамын тойлауға бөлінген 35 млн теңге бюджетке қайтарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында көрісу және Наурыз мерекесі шараларына бөлінген 35 млн теңге бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Дәулетбаева мәлім етті.

«Атырауда 284 мәдениет нысаны бар. 13 наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты концерттік залдар мен мәдениет үйлері, кітапханалар, музейлер мен театрлар жұмысын уақытша тоқтатты. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтетін спектакльдер мен концерттерге сатылған билеттердің 80 проценті қайтарылды. Сала қызметкерлерінің 70 проценті қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті» -деді Мира Дәулетбаева.

Оның айтуынша, биыл көрісу және Наурыз мерекесіне арналған шараларды өткізуге бөлінген 35 миллион теңге бюджетке қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар