Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа автобустар жолға шықты
20:01, 18 Наурыз 2023
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында жолаушы тасымалдайтын 10 жаңа автобус жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірнеше кәсіпорын жолаушы тасымалдаумен айналысады. Соның бірі – «Algabus» автопаркі. Бұл кәсіпорын жолаушы тасымалдауға арналған «Yutong» маркалы 10 жаңа автобусты жолға шығарды. Қоғамдық көліктер енді №10 және 20 маршрут бойынша жолаушы тасымалдайды.
«Елімізде 19 наурызда Парламент Мәжілісі және әр деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау өтетіндіктен, бұл күні автоубстар жолаушыларды тегін тасымалдайды. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні де қоғамдық көлікте тегін жүреді», - деп хабарлады Арслан Аронұлы.