Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында 72 отбасы баспаналы болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Наурыз мерекесі қарсаңында 72 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен «Береке» шағын ауданында бой көтерген баспана үш әлеуметтік санатқа жататын мүқтаж отбасыларға берілді. Оның ішінде көп балалы 27, тұрмысы төмен 28 отбасы бар. Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім 17 бала қуанышқа кенелді.

«Менің отбасымда бес бала бар. Көп жылдан бері баспананың қиындығын көріп келген едік. Жаңа пәтер алсақ деген арманымыз орындалды. Наурыз мерекесін жаңа пәтерде қарсы алатынымызға қуанып тұрмын», - дейді Дамира Ерғалиева.

Ал 22 жастағы Олег Липатов бір бөлмелі пәтерге ие болғанына қуанышты екенін жасыра алмады. «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленген ол кейін жасөспірімдер үйінде тұрған. Осы кезге дейін әжесінің үйін паналапты.

«Міне, енді менің өз пәтерім бар. Жаңа қоныс тойын үйленумен ұластырамын», -дейді О.Липатов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 150-дей атыраулық отбасы баспаналы болған еді.


Соңғы жаңалықтар