Атырауда Наурыз мерекесі қалай тойланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Наурыз мерекесіне арналған шарада шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының артістері Наурыз мерекесіне орай театрландырылған қойылым көрсетті.

Ашық аспан астындағы таңғажайып көріністі көктем, табиғаттың оянуы, қызғалдақтардың гүлденуі бейнеленген декорациялар безендірді.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн режимде құттықтады.

«Наурыз мейрамы ұлттық күнтізбеміз бойынша жылдың басы саналады. Биыл ел Тәуелсіздігі мен 22 наурызды «Наурыз мейрамы» деп жариялау туралы Президент Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толғанын айрықша атап өткен жөн. Сондықтан, Ұлыстың ұлы күні тәуелсіздігімізбен бірге қайта жанданып, халықтың асыға күтетін мейрамына айналды. Бұл мереке сан ұлт өкілдерін бірлік-берекеге бастайтын жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгерді», -деді облыс әкімі.

Содан кейін облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды.



Мерекелік іс-шараға Жылыой, Исатай, Индер аудандарынан бишілер мен әншілер арнайы келді. «Көрісу, «Наурыз-көже», «Бидай көже», «Бата» қойылымдары, «Шашу», «Моншақ», «Көктем вальсі», «Қуаныш биі» хореографиялық композициялары көрсетілді.

Ал, солистер Мұратбек Жұмашев, Идирбай Байбақты, Райымбек Бақытжан лирикалық әндерді орындады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда шетелдік компания қызметкерлері түскі үзілісте асық ойнатынын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар