Атырауда науқастар темір керуетке матрассыз жатуға мәжбүр болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жүйке аурулары диспансерінің науқастары темір керуетке матрассыз ұйықтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайт «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүргізген мониторинг барысында белгілі болды.

«Мониторинг ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментімен бірге жүргізілді. Шара барысында 1973 жылы салынған диспансер ғимаратының бүгінгі жағдайы мүшкіл екеніне көз жеткіздік. Ғимараттың едені сықырлап, есік-терезелері тозған. Жиһаздар ескірген, түнеріп тұрған палаталарда науқастар тығылысып жатыр. Темекінің иісі сіңген палаталарда перде ұсталмаған. Тіпті науқастар темір керуетке матрассыз жатуға мәжбүр. Диспансер басшыларының айтуынша, мұндағы науқастар төсек-орын жабдығын тез тоздырады екен. Құжат бойынша оның мерзімі - үш ай» -дейді «Атырау –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлфия Әдиева.

Қазір аталған диспансерде 64 ер мен 55 әйел стационарлық ем қабылдап жатыр. Оған қоса, 14 адам депрессия және невроз диагнозымен емделуде.


Соңғы жаңалықтар