Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Атырауда нан қымбаттады

2019 жылғы 17 наурыз 02:08 431
Бөлісіңіз:
Атырауда нан қымбаттады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «әлеуметтік» нан қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БҚО және Қостанай өңірінен жеткізілетін бірінші сортты ұнның бағасы 125-130 теңгеге қымбаттады. Осыған байланысты біз «әлеуметтік» нан бағасын 5 теңгеге көтеріп отырмыз. Қазіргі кезде нанның көтерме бағасы 70, ал бөлшек саудада 75 теңге», - деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы  Руслан Давлетов.

Руслан Давлетовтың айтуынша, жалпы Атырауда нан бағасы қымбат емес, еліміздің көптеген өңірлерінде нан бағасы 85-90 теңгемен саудаланады екен.

Автор: А. Соколов

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT