Атырауда мұз ойығына түсіп кеткен 73 жастағы балықшы әжей құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда балықшылар мұз ойығына түсіп кетен 73 жастағы зейнеткерді ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Облыстық ТЖД мәліметі бойынша, бұл оқиға туралы қоңырау 5 наурыз күні 14:24-те келіп түскен. Жилгород және Авангард аудандары арасындағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңында мұз жарығына адам түсіп кеткен. Оқиға орнына шұғыл батыс аэромобильдік жедел құтқару отряды жөнеледі. Олар 16 минутта жеткен. Құтқарушылар барғанша 1944 жылы туған әйелді балықшылар өз күшімен мұз астынан алып шыққан екен. Жедел жәрдем де келіп жеткен, алайда балықшы әжей ауруханаға барудан бас тартып, өзі үйіне кеткен. 

Соңғы жаңалықтар