Атырауда «Мұнайшы» стадионы алдағы матчқа жарамсыз деп танылды

None
None
АТЫРАУ. КАЗИНФОРМ - Атырауда «Мұнайшы» стадионының төсемі ойын ойнауға жарамсыз деп танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мұнайшы» стадионында Қазақстан чемпионаты барысында «Атырау» мен «Астана» кездесуі бойынша матч алдындағы жаттығу өткізілді. Өкінішке қарай, фтуболшыларымыз бен бапкерлеріміз стандиондағы төсемнің сапасы өте төмен екендігін атап өтті. Алаң жабындысының сапасы туралы «Астана» да осындай пікірде. «Атырау» мен «Астана» мамандары қазіргі күйдегі алаң ойыншыларға залал келтіріп, денсаулықтарына әсер етуі мүмкін деген пікірді ұстанады.

Айта кетерлігі, «Мұнайшы» стадионының әкімшілігі мен «Атырау» футбол клубы басты аренаны елордалық клубпен өтетін матчқа әзірлеуге барынша күш жұмсады. Алайда өкінішке қарай қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз екені белгілі болды», - деп мәлімдеді «Атырау» ФК баспасөз қызметі.
Клуб кездесуді қосалқы алаң - жасанды төсемі бар «Томарлы» стадионында өткізу жөнінде шешім қабылдады.
«Барлық атыраулық футбол жанкүйерлерінен кешірім өтіне отырып қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауын сұраймыз», - делінген баспасөз хабарламасында.

Автор: А.Соколов

Соңғы жаңалықтар