Атырауда мұнай қоры 86,2 миллион тоннаға жетті
2020 жылғы 27 сәуір 06:11

Атырауда мұнай қоры 86,2 миллион тоннаға жетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысындағы отандық кәсіпорын өндіретін көмірсутегі шикізатының қоры 86,2 миллион тоннаға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кен орындарында қосымша барлау есебінен көмірсутегі шикізатының қоры еселенді. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуге қатысты тапсырмасына сәйкес қолға алынған болатын. Қазір «Ембімұнайгаз» иелігіндегі кен орындарынан өндірілетін мұнай қоры 86,2 миллион тоннаға жетті. Ал, өткен жылы мұндағы қор көлемі 74,3 миллион тоннаны құраған еді.

«Былтыр ҚР Пайдалы қазбалар корлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы қолданыстағы С.Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Ж.Досмұхамбетов, Ботақан, сондай-ақ қайта ашылған Батыс Қарасор (1,4 млн тн) кен орындарында 14,8 млн тонна көлеміндегі көмірсутегі шикізаты қорын балансқа алып, бекітті. Қор өсіміне байырғы кен орындарын игеруге жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып, белсенді барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жетті», - деп хабарлады «Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, былтыр Тайсойған блогының 5 600 шаршы шақырым аумағына 3D МОGТ сейсмобарлау жүргізілген. Енді сейсмобарлау деректерін өңдеу арқылы барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізілетін құрылымдарды дайындау көзделіп отыр.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT