Атырауда мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған қызметкер жұмыстан қуылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырауда қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтың тәрбиеленушісін ұрған қызметкер жұмыстан шығарылып, орталық басшысы қызметтен шеттетілді. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақыткүл Хаменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілші Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақыткүл Хаменоваға «Осыдан 1 ай бұрын Атырау қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықта тәрбиеленушілерді ұрған деген қызметкердің мәселесі немен аяқталды?», -деген сауалын жолдады.

«Өкінішке қарай, аталған жағдайдың орын алғаны рас. Дегенмен бүгінде облыста бала жағдайы оның ішінде ерекше балалардың жағдайы басты назарда екенін еске салғым келеді. Орын алған жайтқа келсек, бүгінде іс қаралып, кінәлілер анықталды. Прокуратура қызметкерлерінің тексерісінен соң, орталықтың 2 қызметкері жұмыстан босатылды. Және мекеме басшысы да жұмыстан шеттетілді. Бірақта аталған іс бойынша бейнежазбаның растығын полиция қызметкерлері әлі де болса тексеріп жатыр», - деді Б. Хаменова өз жауабында.

Айта кетсек, бүгін Атырау облысындағы жалпы эпидахуал жағдай баяндалды.

Б. Хаменованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда атыраулықтардың 86 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Одан бөлек , облыстың шалғай ауыл тұрғындары вакцина бекеттеріне пойызбен тегін жеткізіліп жатқандығы айтылды.



Соңғы жаңалықтар