Атырауда мүмкіндігі шектеулі әйел балалар киімін тігетін шеберхана ашты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мүмкіндігі шектеулі әйел тігін шеберханасын ашып, бес жылдан бері балалар киімін тігіп отыр, днп хабарлайды ҚазАқпарат.
Геолог ауылдық округінің «Бірлік» шағын ауданында тұратын Әлия Исимова бұрын базарда сауда жасаған. Кейін ауырып, арбаға таңылған. Бірақ, өмір сүруге құлшынысын жоғалтқан жоқ.
Соңғы бес жылдан бері балалар киімін тігетін цех жұмысын табысты жүргізіп отыр. Ол осы жылдар ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан жобасын қаржыландыруға төрт рет қаржы алған.
Оның өндірісі тігін машинасынан басталған. Қазір тоғыз адамды жұмыспен қамтып отыр.
«Биыл біз цехты кеңейтуді көздеп, 6 млн теңге несие алдық. Маусым айында қосымша құрылысты аяқтадық. Карантинге байланысты жаңа жабдық сатып ала алмай отырмыз. Бірақ, бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын» дейді Әлия Исимова.
Оның айтуынша, карантин кезінде оның цехына тапсырыс көп түскен.
«Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды мен де сезіндім. Ең бастысы, әркімнің өз жобасын іск асыруға деген ықыласы болуы керек. Мен ұсынған бизнес-жобама «Еңбек» бағдарламасымен өте тиімді шарттармен несие алдым. Несиені өтеу мерзімі – 4 жыл. Ал жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болғаны біз секілді кәсіпкерлерге үлкен қолдау болады деп ойлмаймын. Мен несие төлемін уақытында төлеймін. Сол себептен болар, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қызметкерлері маған қажет қағаздарымды тез рәсімдеп берді», - дейді Әлия Исимова.
- Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
- Атырау облысында 1500 ата-ана түнгі уақытта балалары қараусыз жүргені үшін жазаланған
- 2020 жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
- Қаржы реттеушісі ломбардтар мен микроқаржылық ұйымдарға 5,7 млн теңге айыппұл салды
-
Мұқтаж алматылықтардың коммуналдық қызметке 80 миллион теңге қарызы кешірілді
-
Атыраулықтар ең көп оқитын әдеби кітаптар анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам