Атырауда мүмкіндігі шектеулі 200 бала тегін демалады

None
None
АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Атырауда 22 қыркүйек күні «Мекен» демалыс орнында ерекше балалардың отбасылары үшін мерекелік шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жомарт жүрек» конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен өткен брифингте «Жыл меценаты» номинациясының жеңімпазы Айбар Жаниязов қайырымдылық шарасы туралы толығырақ айтып берді.

«Біз аймақтағы кәсіпкерлермен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды қуанту мақсатында демалыс ұйымдастыруды жөн көрдік. Балалар мен олардың ата-аналары жақсы тынығады деген ойдамыз. Сонымен қатар, қайырымдылық шарасы аясында біз осы балаларға арналған арнайы тренажер құралдарын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта да мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз», - деді Айбар Жаниязов.







Соңғы жаңалықтар