Атырауда мониторинг топтары 250-ден астам нысанды тексерді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мониторинг топтары 250-ден астам нысанға тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг топтары карантин шектеу шараларының сақталуын тексеру жұмысын күшейтті.

«Қазір Атырау қаласында карантиндік шектеу шараларының сақталуына тексеру жүргізетін 12 мониторинг тобы бар. Бұл топтар 15 желтоқсаннан бері кәсіпкерлік нысандарға 256 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 7 нысанда карантиндік шектеу шарасының талабы бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты жинақталған материалдар әкімшілік іс қозғау үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар