Атырауда модульдік ауруханада жатқан жүкті әйел егіз ұл тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда модульдік ауруханада жатқан жүкті әйел егіз ұл тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, соңғы 10 күнде модульдік ауруханада кесарь тілігі арқылы 5 сәби жарық дүние есігін ашқан. Енді бүгін, 21 сәуірде аталған ауруханада егіз ұл дүниеге келген.

«Жаңа туған егіз ұлдың салмағы – 3 келі 240 гр және 3 келі 450 гр. Нәрестелердің жағдайы қалыпты, олардан коронавирус инфекциясына қарсы алынған ПТР-тест зерттеуі теріс нәтиже көрсетті. Вирустық пневмониямен ауырған әйел егіз ұлын кесарь тілігі арқылы босанды. Қазір ол хаттамаға сәйкес ем алып жатыр», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Егіздің анасы ұлдарын Мерей және Нұрлан деп атады.

«Мерей – кесарь тілігімен ота жасаған хирург. Ал, Нұрлан – жүктілік және босану кезінде медициналық көмек көрсеткен акушер-гинеколог», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда модульдік ауруханада дүниеге келген үш сәбиден коронавирус анықталмағанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар