Атырауда модульдік ауруханада дүниеге келген үш сәбиден коронавирус анықталмады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда модульдік ауруханада дүниеге келген үш нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін, 18 наурыз бен 20 сәуір аралығында модульдік ауруханада 8 сәби дүниеге келген. Бұдан кейін, 8-19 сәуір аралығында модульдік ауруханада кесарь тілігі арқылы тағы үш нәресте жарық дүние есігін ашқан.

«Нәрестелерден коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Қазір нәрестелер облыстық перинаталдық орталығына ауыстырылып, неонатологтардың бақылауына алынды. Екі ұлдың салмағы – 2,5 келі және 2,9 келі. Ал, қыз 3 келі 380 грамм салмақпен дүниеге келді. Босанған әйелдердің біріне екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылған. Қазір ол хаттамаға сәйкес ем алуда. Екі жас ананың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайын Call орталықтан білуге болады.


Соңғы жаңалықтар