Атырауда модульді ауруханада шу шығарған науқас үйіне жіберілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда модульді ауруханада шу шығарған науқас үйіне жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, емделуші өзін ауруханада күштеп ұстап отырғаны туралы видео жариялаған.

«Оның анасы аурухана ішіне басып кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірді. Өзге емделушілердің мазасын алып, шу шығарды. Аурухана дәрігерлері оған емдік шаралар қабылданып жатқанын айтса да құлақ аспаған. Сондай-ақ, емделуші ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухана ішін видеоға түсірген. Осыған байланысты №2 облыстық ауруханасының әкімшілігі жалған ақпарат таратып, оны жария еткені үшін істі сотқа беруге дайын», - деп мәлім етті №2 облыстық аурухананың әкімшілігі.

Ауруханаға түскенде емделушіде коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Сондай-ақ, екіжақты пневмония диагнозы қойылған.

«Анасы мен күйеуі екіжақты заңды куәгерлердің қатысуымен қолхат жазып, емделуші үйіне жіберілді. Енді Махамбет ауданы тұрғының денсаулығы участелік дәрігерлердің бақылауында болады», - деп хабарлады аурухананың әкімшілігі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен шетелдік азамат жазалануы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар