Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы-бас санитар дәрігердің қаулысына сай қоғамдық тамақтану нысандары сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болды.
«Бұрын мейрамханалар, дәмханалар кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеген еді. Ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу күшінде қалды. Орындықтар арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болса, отыратын орындар саны 30-дан аспауы тиіс. Бір үстелге отыратын адамдар саны 4 адамнан аспауы керек» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін сақталады. Алайда, азық-түлікті сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек оралған түрде жүргізілуі тиіс.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.
- Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті жоғары - Ерлан Саиров
- Софиядағы турнир: Қыздар құрамасының 3 боксшысы финалға шықты
- Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
- АН-2 ұшағының шұғыл қонуы: Борт командирі мән-жайды айтып берді
-
Қазақстандықтар Бас прокуратураның фейк-қаулысын таратуда
-
Әлеуметтік проблемаларды шешуге мүдделі адамдар саны артты - Эмин Аскеров
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам