Атырауда мейрамхана өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында мейрамхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 13 мамырда сағат 14:42-де «Аспава» мейрамханасынан өрт шықты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда мейрамхананың шамамен 450 шаршы метрді құрайтын мансард бөлігі жанып жатты. Жалынды сөндіруге арнайы жасақтың 45 қызметкері мен 9 арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, мейрамхананың 20 қызметкері өз бетімен қауіпсіз жерге шығып үлгерген.


Соңғы жаңалықтар