Атырауда мейрамхана алдында төбелескен әйелдер сотта жауап береді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда мейрамханадан шыққан үш мас әйел төбелес шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 23 қаңтарда түнгі сағат 03:29 шамасында болған.
«Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде орналасқан «Vivaldi» мейрамханасы алдында 32, 33 және 28 жастағы үш әйел өзара келісе алмай төбелес шығарған. Олар сол күні «Vivaldi» мейрамханасында көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды наркологиялық сараптамадан өткізді. Сараптама нәтижесінде үш әйелдің жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Ал, кешкі сағат 20:00-ден кейін жұмысын жалғастырып, карантиндік шектеу режимін сақтамаған «Vivaldi» мейрамхана-барына қатысты жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарған болатын.
- Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша
- Ауған соғысына қатысқан жалғыз қазақ қызы
- СҚО-да полицейлер мұқтаж жандарға аулаларын қардан тазартуға көмектесіп жатыр
- Елорданың жетістіктері сіздермен байланысты - Көлгінов әйелдерді мерекесімен құттықтады
-
Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өрттің қалай шыққаны белгілі болды
-
Атырауда базарлар мен сауда үйлері штаттық режимде жұмыс істейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам