Атырауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне 59 өтініш түсіп, 15 отбасы жүлдегер атанған.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсы қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттап, құндылықтарын жаңғырту мақсатында өткізіліп келеді. Әр отбасы – береке мен бірліктің қайнар көзі. Мәңгілік елдің іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың құндылығы өрелі ұрпақ тәрбиелейтін ұлағатты отбасының өнегесімен астасып жатыр», -дейді Бақытгүл Хаменова.

«Мерейлі отбасы» облыстық байқауының бас жүлдесін Исатай ауданынан қатысқан Кенжешовтер отбасы иеленді.

Ерлі-зайыпты Құрманбек пен Гүлден 46 жыл бұрын шаңырақ көтерген.

Екеуі де теміржол саласында жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Үш қыз бен төрт ұл тәрбиелеген.


Соңғы жаңалықтар