Атырауда мереке күндері вакциналау бекеттері жұмыс істейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 1-3 мамырдағы демалыс күндері вакцина егу бекеттері жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, аймақта вакцинация процесі тоқтамайды.

«Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалып отыр. Коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келеді. Осыған байланысты біз мереке күндері де вакцинациялау бекеттерінің жұмысын тоқтата алмаймыз. Бірақ, егу бекеттерінің жұмыс кестесінде өзгеріс болады. 1, 2 және 3 мамырда егу орындары сағат 9.00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді», -дейді Асхан Байдуәиев.


Соңғы жаңалықтар