Атырауда мереке күндері вакциналау бекеттері демалыссыз жұмыс істейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мереке күндері вакциналау бекеттері демалыссыз жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, атыраулықтар 5,6 шілдеде еш кедергісіз коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуына болады.

«Атырау облысында вакциналардың I компонентін 90 мыңнан астам адам алды. Вакциналардың толық кешенін 50 мыңнан астам тұрғын салдырды. Соған қарамастан, қазір Атырау облысында аса қауіпті «дельта» штамы белсенді таралуда. Сол себептен, қауіпті вирустың таралуын тежеу үшін вакцина салдырған жөн. Сонда ғана өзіңізді, туыстарыңыз мен жақын адамдарыңызды қорғай аласыз» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде 4 мыңға жуық адам вакцина салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар