Атырауда меморгандар ашық есік күнін өткізді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық меморгандар ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері меморгандар тұрғындармен тоғыз рет кездесу өткізді. Азаматтарды қоғамдық қабылдаудың оныншы кездесуіне 40-қа жуық тұрғын қатысты. Ол «Жұмыскер» шағын ауданындағы Мәдениет үйінде өтті. Халықтың сұрақтарына Атырау қаласы әкімдігі мен коммуналдық кәсіпорындардың жекелеген бөлімдерінің мамандары жауап беріп, мәселені шешу жолдарын түсіндірді. Бұдан бөлек, Ашық есік күнінің жұмысына жергілікті тұрғындарға заңдық-құқықтық көмек көрсету үшін «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторинг топтарының мамандары қатысты», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, азаматтардан келіп түскен сұрақтардың көбісі тұрғын үй, әлеуметтік қолдау шаралары, жер қатынастары, жол құрылысы мен қоғамдық көлік мәселелеріне қатысты болған.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындармен мұндай кездесулер әр айдың соңғы жұмасында тұрақты түрде өтеді.

Соңғы жаңалықтар