Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырауда меморган 50 теңге тұратын сұйытылған газды 84 теңгеден сатып алмақ болды

2022 жылғы 17 сәуір 20:04

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мемлекеттік мекеме сұйытылған газдың литрін 84 теңгеден сатып алмақ болды. Дегенмен, 1 литр газдың нарықтағы бағасы - 50-55 теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Оның барысында Атырау облысы «Су арнасы» ҚҚС-сыз жалпы сомасы 29 988 000 теңгеге литріне 84 теңгеге 357 000 литр табиғи сұйытылған газ сатып алғаны белгілі болды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 5 қаңтардағы бұйрығына сәйкес шалғай аудандарды қоспағанда 1 литрге ҚҚС қоса алғанда шекті бөлшек сауда бағасы белгіленген. Оған сәйкес Атырау облысында 1 литр сұйытылған газдың бағасы - 50-55 теңге.

Осылайша, Атырау Су арнасы тауар бағасын 12 138 000 теңгеге көтерді. Бұл сомаға тағы 242 760 литр сатып алуға болады.

Департамент өз кезегінде тапсырыс берушіге бағаны төмендету туралы ұсыныс хат жолдады.

Сұйытылған газды жеткізуге келісімшарт жасасқан Integra-N ЖШС жауапкершіліктен жалтарған. Осыған байланысты Атырау облысы Су арнасы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арыз берді.

Сондай-ақ, Махамбет аудандық ауруханасында 5 318 млн теңге сомасына бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының жолы кесілді.

Мемлекеттік орган ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыш үшін жалпы сомасы 11 600 000 теңгеге 46400 литр бензин, 1 литр - 250 теңге және 30000 литр дизель отынын жалпы сомасы 9 870 000 теңгеге, 1 литр – 329 теңге сатып алу тапсырысын жариялаған.

Департамент бағаны төмендету туралы ұсыныс хат жолдады. Өз кезегінде Махамбет аудандық ауруханасы сатып алу бағасын төмендетіп, 15 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді.

Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 377 млн теңге, ал 2022 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 25 млн теңге үнемдеді.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар