Атырауда Мемлекеттік қызмет істері департаментіне басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Ерлан Ермаханбетов Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерлан Мейрамханұлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынга бітірген. Сондай-ақ, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы ОҚММА-ның жастармен жұмыс жасау бойынша маманы қызметінен бастаған. А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Оқу-клиникалық базасында Жастар ісі бойынша сектор меңгерушісі болған. 2013-2015 жылдары Шымкент қаласы, әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы, кейінен бөлім басшысы лауазымын атқарған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. 2015-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы, 2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызметтер көрсету департаментінің бас сарапшысы, бас консультанты болып жұмыс істеген.

2019 жылдан бері осы лауазымға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымын атқарып келді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы тағайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар