+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Атырауда мемқызметшілерге жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізілді

2018 жылғы 24 қыркүйек 19:21
Бөлісіңіз:
Атырауда мемқызметшілерге жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жаңа жалақы төлеудің пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінде болған мәжіліс барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жөніндегі жаңа пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба лауазым өкілеттіктерін орындауды бағалауда факторлық-балл шкаласын қолдануды қарастырады. Айлық жалақы мөлшері қызметшінің өкілеттігіне, шешілетін мәселелердің күрделілігіне және әрбір қызметшінің нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігіне байланысты айқындалады.

Бұл жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде іске асырылды.

Атап өтер болсақ, Атырау облысының мемлекеттік қызметкерлеріне ақы төлеу жүйесі осы жылдың қаңтар айында басталған. Пилоттық режімде жаңа жүйе Астана қаласының әкімдігінде, Маңғыстау облысының әкімдігінде, Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жүзеге асырылды.

«Жаңа жүйе бойынша барлық мемлекеттік қызметшіге жалақы мөлшерінде 4 бонус қарастырылған. Бірақ, өзіне жүктелген міндетті шартты тұрде орындамаса ол қызметкерге бонус төленбейді. Қаражат бюджетке қайтарылады. Сонымен қатар, жаңа жүйе енгізілуі барысында қысқарту болмайды, тек бос жұмыс орындары қысқартылады»,- дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Айгүл Шайымова.

Қазақстанда бұл әдіснаманы 174 жекеменшік және квазимемлекеттік сектордағы компаниялары енгізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT