Атырауда мектепке бомба қойылғандығы туралы хабарлаған жасөспірім ұсталды

None
None
 АТЫРАУ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Атырау облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері жұма күні жалпы білім беретін бейінді мектепке бомба қойылғандығы туралы телефонмен хабарлаған жасөспірімді ұстады.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, «телефон лаңкесі» аталған мектептің 10 сынып оқушысы болып шықты.

 ҚР ҚК 242 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе айыппұл төлеу жазасы қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, мектепте бомба бар деген ақпарат полицияның кезекшілік бөліміне сағат 8.30-да келіп түсіп, тез арада мектеп ғимаратынан 108 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген еді. Жарылғыш затты іздестірумен бірнеше ондаған адам айналысты.

Соңғы жаңалықтар