Атырауда медицина қызметкерлеріне 2 млрд теңгеден астам үстемақы төленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне 2 млрд 145 млн теңге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысында 1085 медицина қызметкері коронавирус пен вирусты пневмония жұқтырды. Оның ішінде коронавирус жұқтырған - 561, ​ вирусты пневмония диагнозымен - 524 медицина қызметкері тіркеуге алынды. Осы кезге едйін 79 медицина қызметкерінің әрқайсына ​2 миллион теңгеден өтемақы төленді. Қауіпті індеттен қайтыс болған 2 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, Атырау облысында пандемия салдарынан 13 медицина қызметкері көз жұмды. Оның алтауы - коронавируспен, жетеуі - вирусты пневмониямен ауырған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық жайы талқыланған.


Соңғы жаңалықтар