Атырауда масаны улауға 65 млн теңге бөлінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда масаны улау жұмыстарына 65 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылы қала бюджетінен қала көшелері мен үйлердің жертөлесін, су тоғандарын дезинфекциялау жұмыстарына 65 миллион теңге бөлінді. Биылғы тендер ақпанда жарияланып, қазір ұсыныстар қарастырылуда. Тендерде ұтқан мердігер 30 маусымға дейін тапсырылған жұмысты аяқтауы қажет. 1 шілдеден бастап бұл жұмыс мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылады», - деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар