Атырауда мас жүргізуші полицейлердің көлігін соғып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін күндіз Атырауда мас жүргізуші «Батыс» жол-патрульдік қызметінің көлігімен соқтығысты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне аймақтық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

«Жол қиылыстарының бірінде кезекшілік жүргізген полицейлер жүргізушісінің жолда үнемі тежегішке басып, бағыттарын өзгертіп отырған «Фольксваген» көлігін байқаған. Полицейлер жүргізушіден тоқтауын сұрайды.

Бірақ ол тағы бір рет бұрылып, жол-патрульдік қызметінің көлігімен соқтығысқан. Анықталғандай, жүргізуші Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол мас күйінде көлік басқарған.

«ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 608-бабы («Көліктік құралды алкогольдік мас күйінде жүргізу») бойынша хаттама толырылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Г.Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар