Атырауда мас жүргізуші 20 күнге қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлігімен жол белгісіне соғылған мас жүргізуші 20 күнге қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері мас күйде көлік басқарып, ұсақ жол-көлік оқиғаларын жасаған 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері 23 тамызда сағат 05:40 шамасында «Mercedes Benz» автокөлігінің Балықшы шағын ауданындағы «Зияш» дүкенінің тұсында 2,4 жол белгісіне соқтығысқанын тіркеген. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін медициналық сараптамаға апарды. Сараптама қорытындысымен 29 жастағы жүргізушінің орта дәрежедегі мас екені анықталды. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен көлік жүргушісі 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас жүргізуші көлігімен электр бағанасына соғылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар