Атырауда мас күйде көлік жүргізген шетелдік 15 тәулікке қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мас күйде көлік жүргізген шетелдік 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Патрульдік полицейлер кеше, 2 желтоқсанда сағат 02:30 шамасында Атырау қаласындағы Гагарин-Тайманов көшелерінің қиылысында «Ваз 2104» автокөлігін тоқтатқан.

«Тексеру кезінде көлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматының масаң күйде екені байқалды. Сараптама қорытындысымен жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен (Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен мас күйде рульге отырған шетелдік жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды» -деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот қаулысында көрсетілген әкімшілік жазаны өтеген соң, шешім қабылдау үшін шетел азаматына қатысты құжаттар көші-қон полициясы бөліміне жолданады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2,6 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталған болатын.



Соңғы жаңалықтар