+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда мас көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды

2021 жылғы 18 қаңтар 05:20
Бөлісіңіз:
Атырауда мас көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында былтыр мас күйдегі 558 жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мас жүргізушілердің арасында 11 әйел бар.

«Мас күйде рульге отырған жүргізушінің бәрі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар 15-20 тәуліктік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанмен, мас күйінде қайтадан рульге отырған 57 жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабымен қылмыстық іс қозғалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал, биылғы жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 18 жүргізуші жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін басқарған 31 жастағы жүргізушісі де бар. Оның мас екені медициналық куәландырудың қорытындысымен анықталған. Мас жүргізуші сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 16 жасар бозбала нөмірі жасырылған көлікті жүргізгенін хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT