Атырауда мас адам суға түсем деп мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 34 жастағы ер адам суға кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1984 жылы туған ер азамат кеше сағат 20.25-де Атырау қаласындағы Курилкин кентінде Рыбников көшесіндегі Жайық өзеніне мас күйінде суға батып кетті. Іздеу жұмыстарына Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен арнайы қайықтар жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар ер азаматтың мәйітін бүгін таңертең сағат 06.30-да судан шығарып, туған-туыстарына тапсырды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы Атырау облысында осымен 15 адам суға кеткен. Оның 9-ы балалар.

Соңғы жаңалықтар