Атырауда мас адам ескі су айдайтын мұнарада ұйықтап кеткен

None
None
  АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы мас ер адам  биіктігі 32 метр болатын  ескі су айдайтын мұнарада ұйықтап кеткен. Оны туыстары көріп құтқарушыларды шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 шілде күні кешке Махамбет ауданының Бейбарыс кентінде болған.

Жергілікті тұрғындар жексенбі күні кешкі сағат 19.00-де аудандық ІІБ-не телефон шалған.  Олар ер адамның аяқтары ескі су айдайтын мұнарасының ең жоғарысында ілініп тұрғанын көріп, хабарлаған. Полиция қызметкерлері Махамбет ауданының №4 өрт бөліміне хабарласып, оқиға орнында құтқару қызметінің күзетшісін жіберген.

«Биіктігі 32 метр болатын су айдайтын мұнараның жоғары жағына командир Ильяс Бүркітов көтерілді. Ол мұнараның жоғары жағында ұйықтап жатқан 44 жастағы жергілікті тұрғынды тапты. Әлгі ішімдікке тойып алған екен. Құтқарушы мас ер адамды қауіпсіз жерге жеткізді», деді өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ержан Аханов. 

Соңғы жаңалықтар