+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Атырауда Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

2019 жылғы 20 қазан 17:31
Бөлісіңіз:
Атырауда Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожинаның «Аққу - ақын» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, ақынның шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.



«Өңірімізде «Рухани жаңғыру« бағдарламасы аясында ақын-жазушылардың шығармашылық кештері өтіп келеді. Бүгінде сол үрдіс жалғасын тауып, Марфуға Айтқожинаның кеші өтуде. Марфуға апамыздың өлеңдері әр оқырманның жүрегінен орын таба білді. Сіздің әр өлеңіңізде салмақтылық, терең мағына бар. Сіздің қазақ жұртына арнайтын өлеңдеріңіз әлі де шығатынына сенімдімін. Қаламыңыз мұқалмасын! Бүгінгі кешіңіз құтты болсын», - деді Нұрлан Ноғаев. Жыр кешінде сахнадан ақынның өлеңдері оқылып, Атырау қаласының тұрғындарына арнап жазған «Қалайсыңдар, бауырлар» атты әні орындалды. Сонымен бірге, ақынның сөзі жазылған басқа да әндер шырқалды. «Бүгінгі шығармашылық кешті ұйымдастырып отырған Атырау облысының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Атырау өңірінде өз шығармашылық кешімді алғаш өткізіп тұрмын. Кешті тамашалауға келген әрбір көрерменге, бүкіл Атырау жұртына алғысым шексіз», - деді Марфуға Айтқожина.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT